Бүгін дәстүрге айналған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Байқаудың қалалық кезеңіне қатысуға 10-нан астам отбасы өтініш берген. Қатысушылар отбасы құндылықтарын дәріптеп, өзара сыйластық пен бірліктің үлгісін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған отбасылар арнайы марапаттарға ие болды.
Қалалық кезеңде топ жарып, бас жүлдені Ибраевтар отбасы иеленді. Төрт бала тәрбиелеп отырған өнегелі жанұя ұлттық құндылықтарды ұлықтап, қазақы салт-дәстүрді берік ұстанатын отбасылардың бірі. Байқауға түгелдей ұлттық киіммен келген Ибраевтар отбасы көрермен мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
ӘЛИХАН ИБРАЕВ, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ
Байқауға қатысқан бірде-бір отбасы құр қол қайтқан жоқ. Қазылар алқасының шешімімен барлық қатысушы түрлі номинациялар бойынша марапатталып, Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
АСАНӘЛІ ЖАНАТҰЛЫ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Қалалық кезеңнің жеңімпазы атанған отбасы байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды. Ал облыстық кезеңде жеңіске жеткен жағдайда, республикалық байқауда өңірдің намысын қорғауға мүмкіндік алады.