Петропавлдағы Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі қабырғасында «Уақыт ырғағында: Солтүстік Қазақстан облысына 90 жыл» атты тарихи экскурсия ұйымдастырылды. Тағылымды іс-шараға облыстың құрметті азаматтары, ардагерлер мен гуманитарлық-техникалық колледждің студенттері қатысты.

 Іс-шара барысында қатысушылар Солтүстік Қазақстан облысының қалыптасу кезеңдерімен танысты. Жалпы, өңір 1936 жылы құрылған. Кейін оның құрамынан Ақмола және Көкшетау облыстары бөлініп шықты. Тарихи деректер арқылы аймақтың ел дамуындағы маңызы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ өндіріс пен білім беру салаларындағы өзгерістер туралы айтылып, бұл мұраны жалғастырудың жастар үшін маңыздылығы атап өтілді.

СНХР: ТІЛЕК АБДРАХМАНОВ, ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ, ТЫЛ АРДАГЕРІ

Экскурсия барысында қатысушылар ХХ ғасырдың 20–30 жылдарындағы өндірістің дамуы туралы мәлімет алды. Сонымен қатар студенттерге музейдің үш экспозициялық залы таныстырылды.Жастар тарихи жәдігерлерді тамашалап, өңірдің өткені туралы тың деректермен танысты.

СНХР: АРУЖАН АРЫҚОВА, СТУДЕНТ

Өңір тарихын насихаттау – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Экскурсиялар алдағы уақытта да оқушылар мен студенттер үшін тұрақты түрде ұйымдастырылмақ.