Жыл басынан бері СҚО-да полицейлер көші-қон заңнамасының 3 мыңнан астам бұзушылығын анықтады.
Базарлар мен вокзалдар, құрылыс нысандары мен фермерлік шаруашылықтар, фастфуд павильондары және өзге де нысандар полицияның ерекше бақылауында. Көші-қон қызметінің қызметкерлері шетел азаматтарының елде болу заңдылығын, еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсаттарының бар-жоғын тексереді. Жұмыс «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жүргізілуде.
Жыл басынан бері полицейлер облыс аумағында көші-қон заңнамасының 3334 бұзушылығын анықтады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын бірнеше рет бұзғаны үшін 10 шетел азаматы ел аумағынан тыс шығарылды.
СНХР: Жібек Бұрбасова — СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының м.а.
Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысының аумағында барлығы 10775 шетел азаматы тұрады, олардың 6347-сі — тұрақты негізде, ал 4428 ТМД елдерінің азаматтары уақытша тұруға рұқсат алған. «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы 17 наурыздан бастап өткізілуде және заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған.