Петропавл қаласында «Молсервис» кәсіпорнының өнімдерін сататын жаңа сауда орны ашылды. Сауда нүктесі «Корона» сауда үйінде орналасқан. Жергілікті тұрғындар арасында кеңінен танымал өнім түрлері енді тағы бір жерде қолжетімді бола түсті. Кәсіпорын тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері сүт өнімдерін өндіріп, нарықта өз орнын қалыптастырып келеді.
Қала бойынша «Молсервис» өнімдері сатылатын 3 сауда нүктесі жұмыс істейді. Жұмыс уақыты – таңғы сағат 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін.
«Молсервис» – 1991 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан өңірдегі ірі сүт өңдеу кәсіпорындарының бірі. Мұнда сүт, қаймақ, айран, қатық, май, ірімшік секілді өнім түрі өндіріледі. Өнімдердің сапасы мен табиғилығы тұтынушылар тарапынан жоғары бағаланып келеді. Кәсіпорын қазіргі таңда дәрумендермен және йодпен байытылған өнімдер шығаруға баса назар аударып отыр. Бұл – халық денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Сонымен қатар, жаңа буын өнімдері – бифилюкс пен биоряженка асқазан микрофлорасын қалыпқа келтіріп, иммунитетті нығайтуға септігін тигізеді.
СНХР: ҒАЛІБЕК РАМАЗАНОВ, «МОЛСЕРВИС» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Бүгінде «Молсервистің» тек сүті ғана емес, қаймағы, қатығы, айраны, майы көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Мұнда сүттің де түр-түрі бар. Қазір бұл өнім Астана, Қарағанды, Көкшетау, Теміртау, Рудный және басқа қалаларда да сұранысқа ие.
СНХР: РОЗАЛИЯ ПИСКАРЕВА, САТУШЫ
Сапасы мен табиғилығына байланысты бұл өнімдерді қала тұрғындары күнделікті өмірде жиі тұтынады. Енді міне тіпті қолжетімді бола түсті.
СНХР: ГАЛИНА ОБРАЗЦОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Жаңа сауда нүктесінің ашылуына орай бүгін арнайы акция ұйымдастырылды: үш литр сүт сатып алғандарға йогурт сыйға берілді. Жалпы, жергілікті өнімге деген сұраныс артып келеді. Ал «Молсервис» кәсіпорны алдағы уақытта да өнім түрлерін көбейтіп, сапаны арттыруды көздеп отыр.