Республикалық референдумның ұйымдастыру деңгейі жоғары болды. Арнайы брифингте халықаралық ұйымдардың өкілдері осылай деді. Жиынға Түркі мемлекеттерінің парламенттік ассамблеясы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы және Ислам ынтымақтастық ұйымы қатысты. Сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері сөз сөйлеп, саяси науқан ашық әрі әділ өткенін жеткізді. Тұрғындарға, соның ішінде мүгедектігі бар жандарға дауыс беру үшін қажетті жағдай жасалғанын да атап өтті.

СНХ ОМЕР КОДЖАМАН, ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 

СНХ ТАЛҒАТ АДУОВ, ТҮРКПА БАС ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ