Сегіз миллионға жуық азамат Жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді. Ақпаратты Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты. Саяси науқанның алдын ала нәтижесі бойынша: ((КЕСТЕ)) дауыс беруге құқығы бар 12 миллион 400 азаматтың 9 миллион 400 мыңы бюллетень алған. Бұл электораттың 73,12%-ы. Таңдау жасағандардың 87,15% «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұраққа «Иә, қабылдаймын» деген бағанды белгілесе, 898 мыңы қарсы екенін білдірген. Сонымен бірге, алынған дауыс беру парақшасының 146 мыңы жарамсыз деп танылды. Тағы 127 мыңы есепке алынбаған. ((КСМ)) Референдумды өткізуге жауапты орган өкілдерінің айтуынша, дауыс беру бойынша Қызылорда облысы өте белсенді болды. Халықтың 93,4 проценті азаматтық позициясын білдірген. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстары да алдыңғы қатарда. Осылайша, Орталық референдум комиссиясы аумақтық референдум комиссияларының берген нәтижесі бойынша Жаңа Конституцияны қабылдау туралы алдын ала қортынды шығарып отыр.
СНХ НҰРЛАН ӘБДІРОВ - ҚР ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ