Петропавлда цифрлық технологиялар мен жастар бастамаларын біріктірген «Digital Nauryz» форумы өтті. Іс-шараның басты алаңы өңірлік IT-хаб SKO Hub болды. Мұнда оқушылар өз сатртап жобаларын таныстырды. Тақырыпты тілшіміз жалғастырады.
Өңірлік IT-хаб базасында үшінші мектептік стартаптар форумы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қаладағы №5 орта мектептің оқушылары алты стартап жобасын таныстырды. Жобаларға 3, 7, 10 және 11-сынып оқушылары қатысып, әрқайсысы өзіне тән ерекше идея ұсынды. Мәселен, форум қатысушыларының бірі Михаил Урсатий «Аэронорм» жобасын таныстырды. Бұл жоба білім беру ұйымдарындағы ауаның сапасын бақылауға арналған датчиктер жүйесін әзірлеу бастамасы. Автордың айтуынша, болашақта мұндай құрылғыларды өңірдегі мектептерге енгізуге болады.
СНХ: МИХАИЛ УРСАТИЙ, №5 ОРТА МЕКТЕПТІҢ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Форум барысында қатысушылар цифрландырудың өзекті трендтерін, жастардың инновациялық әлеуетін қолдау жолдарын талқылады. Қатысушыларға әлемдік деңгейдегі стартаптар ұсынылып, заманауи технологиялық шешімдер мен табысты жобалардың үлгілері көрсетілді.
СНХР: ЮЛИЯ МЕЛЬНИКОВА, ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ МЕҢГЕРУШІ:
Іс-шара аясында қонақтарға концерт ұсынылып, форум бағдарламасы мерекелік көңіл күйге ұласты. Жиын соңында оқушыларға естелік сыйлықтар табысталды.