Еңбегі жұрт көзіне көріне бермейтін, алайда сіз бен біздің күнделікті өмірімізде бұл жандардың орны ерекше десек артық айтқандық болмас. Себебі әр үйде тіршілік көзінің үздіксіз ағып тұруына осы бір қарапайым ебек адамдары жауапты. Солардың бірі облыс орталығын таза ауыз су мен қамтамасыз етіп отырған «Қызылжар су» серіктестігінің слесары Мәулен Байтұрғанов. Аталмыш кәсіпорында бүгінде 700 жүзге тарта жұмыс істейді. Мәулен Тлеугенұлының олармен үзеңгілес болып ортақ іс, облыс орталығын таза ауыз сумен қамтуда иық тіресе еңбектеніп келе жатқанына да он жылдан астам уақыт өтіпті.
Мәулен Байтұрғанов 1964 жылы Жамбыл ауданындағы Баян ауылында дүниеге келген. Мектепті тәмамдағаннан кейін, 1982-1984 жылдары әскер қатарында болып, елге оралысымен Мәулен ағамызды кеңшардың конторына шақыртады.
СНХ: Мәулен Байтұрғанов – слесарь
Осылай жүргенде, тоқырау басталып, шалғай ауылдардың шаруасы тұүралаған шақты, ол қалаға жақын қазіргі Қызылжар ауданының орталығы Бескөлге қоныс аударады. Бір жерден екінші жерге көшуінің себебі – тұрақты жұмысқа орналасып, отбасының қамын күйттеу.
СНХ: Мәулен Байтұрғанов – слесарь
Ес біліп, етек-жеңін жинағалы темір терсекке деген әуестігі оны Қызылжар су кәсіпорнына алып келеді. Бұл жерде слесарь болып еңбек етіп жатқанына биыл 12 жыл.
СНХ: Мәулен Байтұрғанов – слесарь
Қатардағы қарапайым еңбек адамының кәсіпорындағы алар орны ерекше, құрметке ылайық. Оның бұл жердегі жұмысы тек жеке жетістіктермен шектелмейді, ол сіз бен біз өмір сүріп жатқан қоғамның игілігі үшін қызмет етеді.