Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. ((КСМ)) Онда 19 наурызда өтетін Сенат отырысының күн тәртібі бекітіліп, маңызды мәселелер талқыланды. Мәселен, халықаралық азаматтық авиация, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау және Қазақстанның халықаралық қаржы институттарымен әріптестікті кеңейту туралы қаралады. Сондай-ақ, Жоғарғы Сот судьясын қызметтен босату, атом өнеркәсібін дамыту және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттардың жұмысын жақсарту мәселелері талқыланады. Спикер референдумда халықтың 87 пайыздан астамы жаңа Конституцияны қолдағанын атап өтті және бұл - мемлекет басшысының реформаларына бүкілхалықтық қолдаудың белгісі ретінде бағаланғанын атап өтті.
СНХ: МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ