Бүгінде Наурыз тек мереке емес, қоғамды біріктіретін ортақ құндылықтардың символына айналды. Республикалық қоғамдық бірлестік «Сенімен Болашақ» бастамашы болған «SEN BOL NAURYZ» жобасы үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Биыл мерекелік іс-шара алғаш рет Петропавл қаласында жаңа форматта өтті.

Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі Абылай философиясына сай бірлік пен берекені насихаттауды басты мақсат етті. Сол себепті ұйымдастырылған мерекелік жиын «Бірлік пен Береке» деп аталды. Жиын таң шапағымен басталып, жиналған қауым ақжарма тілектер жазылған тәттілерді бөлісіп, шашу шашып, бір-біріне ізгі тілектер арнады.

СНХ: НҰРКЕН АСАНОВ, «СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» РҚБ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ

Одан әрі қонақтарға қазақы таңғы ас ұсынылып, «Анаға тағзым» рәсімімен жалғасты. Ақсақалдардың батасын алған қауым еңбек шеберханаларындағы шығармашылық жұмыстарға қатысып, бірлесе ағаш отырғызды. Осылайша табиғатты аялау – келер ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік екені айқын көрінді. Іс-шара соңында жиналғандар бірге Наурыз көже дайындап, ортақ дастарханнан дәм татты.

СНХ: ПЕРИЗАТ ҚҰРМАНӘЛІ «СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» РҚБ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫ БАСШЫСЫ

Айта кету керек, аталмыш іс-шара алғаш рет оңтүстік өңірден бастау алған.