Қазақстанда республикалық референдумда дауыс беру аяқталды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де барлық дауыс беру учаскелері жабылды. Комиссия мүшелері бюллетеньдерді санауға кірісті.

Еліміз бойынша 10 мыңнан астам референдум учаскесі жұмыс істеді. Оның 581-і Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Дауыс беру аяқталғаннан кейін учаскелер біртіндеп жабылып, комиссия мүшелері дауыстарды санау жұмысына кірісті. Мәселен, Петропавл қаласындағы Солтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінде орналасқан №635 учаске де келушілерді қабылдауды тоқтатты. Қазір мұнда дауыс жәшіктері мөрленіп, комиссия мүшелері бюллетеньдерді санауға дайындалуда.

АСЫЛБЕК ӘЛДІМЕНОВ, РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ