Манаш Қозыбаев атындағы университеттің «Математика және жаратылыстану ғылымдары» факультетінің 2-курс магистранттары Екатерина Гильгенберг пен Екатерина Кондратьева үшін биологияның ең қызығы теорияның тәжірибеге айналатын сәті. Ең маңыздысы ақпарат алу үдерісі. Дәл осы жерде ғылымға деген нағыз қызығушылық басталады.

Жастардың заманауи қондырғылармен жұмыс істеу мүмкіндігі жақында ғана пайда болды. Өткен жылдың соңында университет жаңа зертханалық құрал-жабдықтар сатып алып, факультет жанынан «Экологиялық токсикология және биоалуантүрлілік» атты ғылыми-зерттеу зертханасын ашты.

АННА КОРНИЛОВА, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:


ДНҚ - тірі ағзалардың дамуы мен қызметін реттейтін генетикалық ақпаратты сақтау және ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге жауапты макромолекула.

АННА КОРНИЛОВА, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ:


Қазір әлемде бұл ғылым қарқынды дамып келеді. Генетикалық аурулардың механизмін түсіну, тұқымқуалаушылықты зерттеу және медицинаның жаңа мүмкіндіктерін ашу осы бағыттың басты нәтижелері. Ғылымның болашағы - дәл осы салада. Бүгінде бұл бағытта университеттің жас ғалымдары мен тәжірибелі зерттеушілері табысты еңбек етіп жүр.