Петропавлда «Nauryz Day» атты игі акция басталды. Енді қала тұрғындары әлеуметтік осал санаттағы балалардың армандарын орындауға мүмкіндік алады. Осы жолы бұл іс-шара Наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылып отыр.
«Nauryz Day» қайырымдылық акциясы Наурызнама онкүндігінің екінші күні бастау алды. Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары шамамен 250 хат жолдап, онда өз армандарын жазып жіберген. Қала орталықтарында арнайы жәшіктер орнатылып, хаттар соған салынды. Енді ересектер конверттерді ашып, ондағы балалардың арманын орындауға кіріседі.
СНХ: ДАМИР АБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Аударма/// Балалар өз армандарын жазды. Біреуі ойыншық сұрады, біреуі сурет салуға арналған мольберт қажет екенін жазды. Біздің сыйлықтар өте қарапайым. Мұндай акцияны біз жаңа жылда да өткізгенбіз. Балалар өз арманына қол жеткізуге тағы да бір мүмкіндік алды.
ЗКТ: Балаларға қуаныш сыйлауға жергілікті атқарушы органдар да атсалысып жатыр. Мәселен, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Шамиль Шакиров 11 жастағы Ксения есімді қызға сыйлық алуды жоспарлап отыр. Ол хатында тізеқаптары бар ролик конькиін сұраған.
СХНР: ШАМИЛЬ ШАКИРОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ
Бір баланың арманын орындау өте оңай. Тек өзіңізге ұнаған конвертті таңдап, ішіндегі хатпен танысу қажет. Өз-өзіңізді нағыз сиқыршы ретінде елестетіп, балаларға көптен күткен сыйлығын табыстаңыз.