Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада Құдайберген Қалиевке арналған «Толағай» кітабының тұсаукесері өтті. Ол облыстың құрметті азаматы, еңбек ардагері өңірдің дамуына талай жыл сүбелі үлес қосқан жан. Іс-шараға ел ағасының достары,замандастары және жас оқырман қауым жиналды.

Құдайберген Қалиев еңбек жолын қарапайым агроном болып бастаған. Кейін өз еңбегімен шаруашылық басшысы, облыс әкімінің бірінші орынбасарына дейін көтерілген. Бұл жинақта қатарлас әріптестері мен қызметтегі жолдастарының естеліктері, жүрекжарды лебіздері топтастырылған. Кітапта Құдайберген Қалиұлының өмір жолы, еңбек жолындағы өнегесі, жастарға айтар ақыл-кеңесі кеңінен қамтылған. Бүгінде кітаптың 500 данасы жарыққа шыққан.

ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, СҚО АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Ардақты азамат өткен жылы 80 жасқа толған еді. Ал биыл ел ағасының мерейтойына орай кітабы жарықққа шықты. Осындай үлкен еңбекті жинақтап құрастырған белгілі журналист, жазушы, СҚО Құрметті азаматы - Жарасбай Сүлейменов.

ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ, ЖАЗУШЫ-ЖУРНАЛИСТ

Осы күнге дейін облыстың дамуына үлесін қосып, ерінбей еңбек етіп келген Құдайберген Қалиұлы әлі де қоғамдық өмірден шет қалған емес. Әріптестері талай жыл еңбек еткен оны ұйымдастырушы, жауапты тұлға ретінде біледі. Айта кетейік, жерлесіміз Шал ақын ауданы, Бірлік ауылының тумасы.

ҚҰДАЙБЕРГЕН ҚАЛИЕВ, СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Құдайберген Қалиевтің өнегелі өмірі мен еңбегі жастар үшін үлгі. «Толағай» кітабы белгілі тұлғаның өмір жолын, азаматтық көзқарасын, елдік мүддеге жасаған қызметін таныстыратын құнды дүниелердің бірі болмақ.