Облыс орталығында «Жаңартылған Конституция – тұрақты дамудың негізі» атты сараптамалық форум өтті. Кездесу барысында қатысушылар елдің негізгі заңы жобасындағы өзгерістер мен олардың өңірлер үшін маңызын талқылап, қоғамдық пікірдің рөліне және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Аталған форумда жаңа Конституция жобасын талқылау кезінде қоғамның барлық өкілдерінің пікірі ескерілуі қажет екені айтылды. Өңір басшысының орынбасары Жүсіп Жұмағұловтың сөзінше, қала тұрғындарымен қатар ауыл халқының, еңбек адамдарының, фермерлер мен кәсіпкерлердің пікірі ерекше маңызды.

ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Форум өңір мен елдің тұрақты дамуындағы жаңартылған Конституцияның рөлі туралы кәсіби пікір алмасуға арналған алаң болды. Сонымен қатар, жиында мемлекеттік және жергілікті басқарудың өзекті мәселелері, сондай-ақ қоғамның ел өміріне белсенді қатысуы жайы талқыланды.

ҒАЛЫМЖАН ҚҰСМАНҒАЛИ, «АУЫЛ ПАРТИЯСЫ» ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жаңа Конституция жобасы 31 қаңтарда жарияланды. Бүгінге дейін Конституциялық комиссияның 10 отырысы өтті, олардың барысында ұсынылған өзгерістерді талқалау жалғасуда.