Елімізде жаңа Конституциялық жоба қоғам талқысына ұсынылды. Қазақстан Республикасы Ата Заңына енгізілетін тұжырымдамалық өзгерістер мемлекеттің адамға бағдарланған сипатын күшейтуге бағытталған. Жаңа редакцияда адам құқықтары мен бостандықтары негізгі басымдық ретінде айқындалып, бірлік, ынтымақтастық және келісім мемлекеттіліктің берік негізі ретінде бекітілді. Маңызды бастамаға қатысты түрлі сала өкілдері пікір білдіруде.

Бахтияр Темірхан– білім саласында алты жылдан бері еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман. Қазіргі таңда ол №3 Смирнов орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарады. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын педагог шәкірт тәрбиелеуді басты міндетім деп санайды.

БАХТИЯР ТЕМІРХАН, №3 СМИРНОВ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Қоғамдағы өзгерістерге бейжай қарамайтын ұстаз ел болашағына қатысты маңызды бастамалар жөнінде өз көзқарасын білдірді. Оның айтуынша, мұндай шешімдер елдің дамуына және жас ұрпақтың ертеңіне тікелей әсер етеді.

БАХТИЯР ТЕМІРХАН, №3 СМИРНОВ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Жаңа Конституциялық жоба адам құқықтары мен бостандықтарын басты басымдық ретінде айқындайды. Бұл өзгерістер елдің тұрақты дамуына және құқықтық мемлекет қағидаттарының нығаюына негіз болмақ.