Қыс –жабайы жануарлар үшін ең күрделі кезеңдердің бірі. Табиғи азықтың басым бөлігі қар астында қалады. Осындай уақытта жануарлардың қыстан аман-есен шығуына адамдар көмекке келеді. Орман аңдарының қысқы қоректендіруі туралы әріптесім баяндайды.

Биотехникалық іс-шаралар – аңшылық жануарларды сақтау мен олардың популяциясын арттыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылған шаруашылық және техникалық жұмыстар кешені. «Уваковское» аңшылық шаруашылығының аумағы 7 мың гектарды құрайды. Бұл өңірде бұлан, қабан, елік, түлкі, борсық, қояндар мекендейді. Сондай-ақ сирек және жойылып кету қаупі бар түрлер тізіміне енген орман сусары да бар.

АНДРЕЙ САПРЫГИН, АҢШЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Жаз мезгілінде шаруашылық қызметкерлері шамамен 3 мың дана азықтық бұтақ байламын және 6 тоннаға жуық дән дайындаған. Қыста бұл азықтар тұрақты түрде арнайы қоректендіру алаңдарына жеткізіліп отырады. Жалпы облыс аумағы 47 аңшылық шаруашылыққа бөлінген.

МИХАИЛ НИКИТИН, СҚО ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ ЖӘНЕ БАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Жабайы жануарларды қыста қоректендіру жұмыстары наурыз айының соңына дейін жалғасады. Табиғи азыққа қолжетімділік пайда болғанша, яғни алғашқы жылымық көрінгенге дейін бұл шаралар маңызды рөл атқарады.