Енді тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға міндетті түрде сот шешімі керек болуы мүмкін. Ата заңның жобасына осындай норма енгізіледі. Сондай-ақ бұдан былай елімізде меншіктің барлық түрі Конституцияда бекітілмек. Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Конституцияның жаңа жобасына адамды соттан тыс тұрғын үйінен айыруға, одан шығаруға тыйым салатын норма енгізіледі. Яғни, Ата заңға банк, әкімдік немесе мемлекеттік орган болсын, азаматтарды сот шешімінсіз үйінен күштеп шығаруға болмайды деп шегелеп жазылады.

АРТУР ЛАСТАЕВ – ҚР АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ, КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕСІ

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева балалардың да тұрғын үйге қатысты құқықтарын Конституцияда қорғау қажет екенін айтты. Өйткені ата-анасынан немесе асыраушысынан айырылған балалар түрлі жағдайларға байланысты жалғыз баспанасынан айырылып қалу қаупіне жиі ұшырайды.

ДИНАРА ЗӘКИЕВА – ҚР БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ, КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕСІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРІ ҚОРҒАЛАДЫ

Конституциялық комиссияның кешегі, яғни оныншы отырысында Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Ата заңда меншіктің барлық түрін тең қорғау туралы норма бекітуді ұсынған еді. Оның айтуынша, қолданыстағы Конституцияда меншіктің тек екі түрі ғана көзделген – мемлекеттік және жекеменшік. Ал заманауи экономистер кемінде 5–6 меншік түрін бөліп көрсетеді. Олардың қатарына муниципалдық, кооперативтік меншіктер бар. Енді осы аталғандардың барлығы заңмен қорғалмақ.

БАҚЫТ НҰРМҰХАНОВ – ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕСІ

– (04:04) Осы орайда аталған баптың бірінші тармағында мынадай редакцияда ұсынылады. Қазақстан Республикасында барлық меншік түрі танылады. Оларға кепілдік беріледі және тең қорғалады.

Жалпы, Жаңа Конституция жобасы қоғам мен билік арасындағы диалогты нығайтады. Отырыста Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішев осылай деді. Оның айтуынша, азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы мен билік тармақтары арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы өңір тұрғындары үшін ерекше маңызды.

НҰРАЛЫ ӘБІШЕВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕСІ

Айта кету керек, бүгін Конституциялық комиссияның 11-ші отырысы өтті. Осы уақыт аралығында комиссияға мүше 130 адам Ата заңның жаңа жобасын қызу талқылады, 5 мыңнан астам азамат пен сарапшыдан келіп түскен ұсыныстар жіті қаралды, талданды, ескерілді. Мәтіннің 84 пайызы жаңарды. Енді Конституция жобасында қорытынды және өтпелі ережелер барынша нақты әрі жан-жақты айқындалуы тиіс, – деді Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева.

СНЕЖАННА ИМАШЕВА – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕСІ

Конституциялық комиссияның бүгінгі отырысы қысқа да нұсқа форматта өтті. Қоғамды толғандырып, көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелер ескерілді.