Қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын нығайту және ілгерілету аясында облыстық прокуратура облыс әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармаларымен бірлесіп, білім беру ұйымдарының бастауыш және орта буын сынып оқушыларына арналған «Абайдың қара сөздері» атты театралдық қойылым ұйымдастырды. 

Іс-шараға 600-ден астам мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Көрсетілімнің басты мақсаты — Абай мұрасы арқылы өскелең ұрпақтың құқықтық және адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру, сондай-ақ әділеттілік, адалдық және жеке жауапкершілік қағидаттарына негізделген құндылықтық бағдарларын дамыту.

РАУАН ТУҒАНБАЙ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ

Сонымен қатар, көрермендер назарына Абайдың философиялық мұрасына негізделген театралдық қойылым мен концерттік бағдарлама ұсынылды. Онда Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының, Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының актерлері, сондай-ақ Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әртістері өнер көрсетті. Ерекше форматта ұйымдастырылған рухани кеш жастарға моральдық және құқықтық нормаларды сақтаудың қажеттілігін түсінуге ықпал етті.

БІРЖАН ЕСЖАН, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ

Іс-шара құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы тиімді іс-қимылдың жарқын үлгісі болды. Театр форматы балаларға құқықтық және әлеуметтік құндылықтарды жеңіл әрі әсерлі түрде түсіндіруге мүмкіндік берді.