«Sensitive» театры Стамбул қаласында өткен халықаралық ART-фестивальде жоғары жетістікке жетті. Байқауға Әзербайжан, Грузия, Түркия, Қазақстан және Ресей елдерінен келген өнер ұжымдары қатысты. Фестиваль аясында сахнаға 300-ге жуық қатысушы шықты. Байқау қорытындысы бойынша «Sensitive» ұжымы Супер Гран-при, сондай-ақ екі Гран-при және конкурс бағдарламасы бойынша бірінші орынды иеленді. Қазылар алқасы ұжымның кәсіби дайындық деңгейін, жоғары орындаушылық шеберлігін және қойылымдарының ерекшелігін жоғары бағалады. Бұл жеңіс ұжым үшін ғана емес, өңірдің мәдени өміріндегі маңызды жетістік ретінде бағаланып отыр.