Петропавлда әр сенбі сайын үш бірдей базарда «Алтын Арман», «Қызылжар Ақбастау» және «Дария» сауда орындарында облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысатын дәстүрлі жәрмеңкелер өткізіліп келеді. Өткен сенбіде ұйымдастырылған жәрмеңкеге облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев қатысты. Бұл іс-шара халыққа қолжетімді бағамен сапалы өнім сатып алуға мүмкіндік береді.
Өткен сенбіде болған кезекті жәрмеңкеге өңірдің жеті ауданы өз өнімдерін алып келді. Сатылымға сиыр, қой, шошқа еті, сүт өнімдері, бал, балық, жұмыртқа мен көкөністерден жалпы 25-тен астам өнім түрі шығарылды. Бағалар нарықтағыдан 10-15 пайызға арзан. Бұл жолы жәрмеңкеде 4,3 тоннадан астам өнім сатылып, жалпы құны 6 миллион 715 мың теңгені құрады.
Жыл басынан бері Петропавлда алты жәрмеңке ұйымдастырылды. Осы уақыт ішінде 2,5 тонна ет, 3,5 тонна сүт өнімдері, 8700-ден астам жұмыртқа және 1,6 тонна көкөніс сатылған. Жалпы түсім - 14,4 миллион теңгені құрады.
СНХ: МАҚСАТ ҚЫЗЫРОВ, АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Айта кетейік, 2025 жылдың өзінде облыс бойынша 350 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, 2 мың тоннаға жуық өнім халыққа арзандатылған бағамен ұсынылды. Ең ірі іс-шаралардың қатарында көктемгі және күзгі облыстық жәрмеңкелер, сондай-ақ Астана қаласындағы дәстүрлі өнімдер жәрмеңкесі бар.