Мектептер мен колледждердегі қауіпсіздік - бүгінгі таңда ең өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Әлемнің әртүрлі елдерінде білім беру мекемелерінде зорлық-зомбылық жағдайлары тіркелуде, ал мамандар жасөспірімдерде мінез-құлқында ауытқушылық белгілерін ерте анықтау мен алдын алу іс-шараларының маңыздылығын жиі айтады. 

Соңғы жылдары мектептер мен университеттерде жасөспірімдер мен студенттердің қатысуымен жаппай шабуылдар жиілеп кетті. Мұндай жағдайларды «скулшутинг» деп атайды, бұл термин алғаш рет 1990-жылдардың соңында АҚШ-та пайда болған. Мамандар мұндай оқиғалардың алдын алу үшін ата-аналар мен мұғалімдер балалардың көңіл-күйі мен достарымен қарым-қатынасын бақылап, белгісіз өзгерістерді байқаса дереу әрекет етуі керек дейді.

СНХ: ИРИНА ЯКИМОВА – ПСИХОЛОГ

2023 жылы қаладағы мектептердің бірінде тоғызыншы сынып оқушысы пышақ пен балта алып кіріп, үш оқушы зардап шеккен болатын. Қазіргі таңда білім беру орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін түрлі іс-шаралар қабылданған. №7 орта мектептің ұжымы оқушылармен осындай жайтар туралы ашық сөйлесіп, оларды дұрыс әрекет етуге үйретіп келеді.

СНХ: ЮЛИЯ ТУЖИК, №7 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Мамандар атап өткендей, ең маңызды алдын алу – бұл балаларға назар аудару және олардың мәселелеріне бей-жай қарамау. Оқушылардың мінез-құлқындағы алаңдаушылық белгілерін уақытында байқап, көмек сұрау қайғылы жайттың алдын алуға мүмкіндік береді.