Өңір аумағында шоқыну мерекесінде 19 ресми шомылу орны белгіленген. Сондай-ақ, Петропавл қаласында Қаракөл көлінде бір арнайы орын дайындалды. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында барлық шомылу орындарында төтенше жағдайлар қызметінің, полицияның және медицина қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылады. Жалпы саны 231 адам және 89 бірлік техника жұмылдырылады.

Мамандар тұрғындарға тек ресми жабдықталған орындарда ғана шомылуға, суға абайлап түсуге және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға кеңес береді. Сондай-ақ, мас күйде суға түсуге, рұқсат етілмеген жерлерде ойық кесуге және балаларды қараусыз қалдыруға қатаң тыйым салынады. Айта кетейік, сақтық ережелерін бұзған азаматтарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

СНХ: ҚАЛИЯ ТҮРЕНОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ