Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері өңірдегі өрт жағдайы, жолдардағы ахуал және тәуліктегі төтенше жағдайлар туралы толық ақпарат берді.
2026 жылдың басынан бері өңірде 17 өрт оқиғасы тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда өрт саны 45 пайызға азайған. Былтыр осы кезеңде 31 өрт болған еді. Өкінішке қарай, күні кеше жеке тұрғын үйден өтр шығып, салдарынан 3 адам көз жұмды, оның екеуі бала. Қазір өрттің шығу себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Сондықтан мамандар өрт қауіпсіздігін сақтауды ескертеді.
СНХ: АСЛАН АХМЕТЖАНОВ, СҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Қазгидромет республикалық мемлекеттік мекемесі филиалының мәліметі бойынша, 13-17 қаңтар аралығында облыста ауа температурасының минус 35 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. Сол себепті дауылды ескерту жарияланды. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алыс жолға шықпау керек екенін ескертеді. Қатты аяз жол-көлік оқиғаларының және жолда қалып қою қаупін арттырады.
СНХ: ОЛЖАС ЖҮНІС, СҚО ТЖД ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Қазіргі уақытта облыс аумағында тәулік бойы жұмыс істейтін және азаматтарды қабылдауға дайын 232 жылыту пункті бар. Азаматтық қорғаудың барлық арнайы техникасы мен жеке құрамы күшейтілген дайындық режиміне ауыстырылды. Сондай-ақ айта кету керек, облыс әуежайында Ми-8 тікұшағы азаматтарды эвакуациялау жұмыстарына дайын.