Петропавл қаласы Жаңа жылға дайындалып жатыр. Шаһарда қоғамдық кеңістіктерді мерекелік безендірудің бірыңғай тұжырымдамасы бекітілді. Биыл «қысқы ертегі» стилінде 10 негізгі орын безендіріледі. Атап айтқанда, тоғыз алаң мен №14 мектеп маңындағы аумақ қамтылады.

Әрбір алаңның сәулеттік келбеті және безендіру элементтері сақталады. Мұнда мұз мүсіндерінен бастап, жарық инсталляцияларымен әрленген субұрқақтарға дейін орналастырылады. Бірыңғай стильдік шешім барлық кеңістікті ортақ мерекелік атмосфераға біріктіреді. Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, безендіру жұмыстары демеушілік қаражат есебінен жүргізіледі.

СНХ:БЕРДІМҰРАТ БАЙМҰҚАН ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ