Солтүстік Қазақстан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 100 -ден астам өтінім қабылданды.
22-сі мақұлданып, 270 млн теңге несие берілді. Биыл кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік жоба бойынша теріскей тұрғындарына 1,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген болатын. Өндіріс, қайта өңдеу және мал шаруашылығы саласына басымдық беріліп отыр. Бағдарламаға ауыл тұрғындары ғана қатыса алады. Өз кәсібін бастаймын немесе дамытамын дегендерге 9 млн теңгеден бастап, 31 млн теңгеге дейін несие алуға болады. Үстемеақы небәрі 2,5 пайыз. Қарыз 5 жылдан 7 жылға дейін қайтарылуы тиіс.
СНХ: ТАЛҒАТ ЖҰМАБЕКОВ, «СОЛТҮСТІК» ӘКК БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Аударма Несие алу үшін кепілге қоятын мүлік болуы шарт. 100 жобаның жалпы құны 1 млрд теңге. 80 өтінім қарастырылып жатыр. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша ¬өтінім қабылдау әлі де жалғасуда.