Мемлекет башысының күншығыс еліне ресми спары жалғасып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-министрінің офисіне барды. Жапон тарапы Қасым-Жомарт Тоқаевты сән-салтанатпен қарсы алды. Сарбаздар сап түзеп, қос елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Санаэ Такаичи бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.