Есіл ауданының Спасовка ауылында аудан әкімі Мереке Мұхамедияровтың қатысуымен жаңа медициналық пункттің ашылуы өтті. Нысан «Явленское МТС» ЖШС тарапынан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынды. 

Жобаның жалпы құны 80 миллион теңгені құрайды. Сонымен қатар, оның аясында медицина қызметкеріне арналған жайлы қызметтік баспана мен учаскелік полицияға арналған кабинет те бой көтерді. Жаңа медициналық пункт ауыл тұрғындары үшін алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін айтарлықтай арттырды.

СНХ: МЕРЕКЕ МҰХАМЕДИЯРОВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Қызметтік тұрғын үйдің болуы халықтың кез келген өтінішіне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ғимаратта учаскелік полиция кабинеті де бар. Бұл денсаулық сақтау мен қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін біріктіріп, ауыл тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасайды.

СНХ: АЙМАН МУРЗАНОВА, СПАСОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бұл медициналық пункттің ашылуы ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға маңызды үлес қосып, жергілікті халықтың өмір сапасын арттыруға ықпал етті.