Қазақстанда газбаллон жабдығын пайдалану кезіндегі бұзушылықтарды анықтауға бағытталған акция басталды. Солтүстік Қазақстан облысында 2025 жылы 457 өрт тіркеліп, тілсіз жау 30 адамның өмірін жалмаған. Оның ішінде 57 өрт автокөліктерде болған. Мамандар жүргізушілерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.


1–5 желтоқсан аралығында ТЖД қызметкерлері полициямен бірлесіп «Газбаллон» акциясын өткізуде. Акцияның мақсаты – автокөліктерде газбаллон жабдығын пайдалану кезіндегі бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, төтенше жағдайдың алдын алу.


СНХ: БОЛАТ ОСПАНОВ, СҚО ТЖД МӨББ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ


Басты назар – өрт қауіпсіздігін сақтау және газбаллон жабдығы бар автокөліктерді тыйым салынған жерлерге қоюға жол бермеу. Осындай іс-шаралар облыстың барлық аудандарында өткізіліп жатыр.