Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл ауданының биылғы жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы баяндалды. Биыл ауданда 61 млрд 199 млн теңге ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өндірілді. 100 шақырымға жуық жол жөнделіп, ауызсумен қамту 87%-ға жетіп отыр. Әлеуметтік салаларда 349,6 млн теңгеге білім нысандары жөнделіп, 2 жаңа медициналық пункт ашылды.


Ауданда ауыл шаруашылығы негізгі экономикалық сала болып қала береді. Биыл бұл салада жалпы өнім 61 млрд теңгеден асады. Мал шаруашылығы бойынша 7 млрд 536 млн теңгенің өнімі өндірілді. Егіс алқаптарының 64%-дан астамы дәнді дақылдарға, ал 29,1%-ы майлы дақылдарға тиесілі.


СНХР: АЗАМАТ БЕКТАСОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Сонымен қатар, аймақта өнеркәсіп пен кәсіпкерлік қарқында дамып келеді. Инвестициялар саны екі есеге өскен. Жаңа нысандар ашылып, жұмыс орындары пайда болды. Жол және су инфрақұрылымы жақсартылып, тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтылуда. Келесі жылы бұл көрсеткіш 96 пайызға өседі деп жоспарланып отыр.


АЗАМАТ БЕКТАСОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Сонымен қатар, ауданда құрылыс жұмыстарының көлемі 9,3 млрд теңгені құрап, былтырғы жылдан 2,7 есеге артты. Азаматтарды жұмыспен қамту бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Биылғы 10 айда мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды.