Петропавл қаласының әкімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Ашық форматта өткен жиында Серік Мұхамедиев қаланың дамуына қатысты сұрақтарға жауап беріп, журналистер көтерген мәселелерді талқылады.
Қалалық әкімдік журналистермен тығыз байланыста жұмыс істейді, БАҚ-та жарияланған мәселелерді бақылап, тұрғындар көтерген проблемаларға дер кезінде әрекет етеді. Таңғы кездесуде қала дамуы, жоспарланған жобалар және тұрғындар өтініштері жөнінде сұрақтар қойылды. Соның ішінде «Жас өркен» шағынауданы да сөз болды.
СНХ: ЗАЙРА ЖАҚЫПОВА , «ЕУРАЗИЯ БІРІНШІ АРНАСЫНЫҢ» ТІЛШІСІ
СНХ: СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Кездесу барысында Интернационал көшесіндегі заңсыз салынып жатқан нысандар мен сауда павильондары жайлы да айтылды. Қаланың эстетикалық келбетіне нұқсан келтіріп, қауіп тудырып тұрған ғимараттарды сүру жоспарланған.
СНХ: СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ