Аққайың ауданында әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны оң нәтиже көрсетуде. Биылғы жылдың он айының қорытындысы бойынша негізгі салаларда өсім байқалады. Осы кезеңде негізгі капиталға 15,2 миллиард теңге инвестиция тартылған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 23 миллиард теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Қаражат агроөнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялыр қызметі алаңында Аққайың ауданының әкімі Жанар Құсайын айтып берді.
2025 жылдың он айының қорытындысы бойынша Аққайың ауданында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 55,8 миллиард теңгенІ құрады. Аудан экономикасының негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы. Биыл ауданда орташа өнімділік гектарына 26,5 центнерден болып, 407 мың тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жинады. Ең жоғары көрсеткіштерге «Салют», «Симаргл», және «Иван Зенченко» серіктестіктері қол жеткізді. Өсімдік шаруашылығының тұрақты дамуы өз кезегінде мал шаруашылығының өркендеуіне де берік негіз болып отыр. Аққайыңдық шаруалар облыс бойынша өндірілетін ет пен сүттің шамамен 10 пайызын қамтамасыз етеді.
СНХ: ЖАНАР ҚҰСАЙЫН, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Аққайың ауданында көлік және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұрғындардың өмір сапасын арттыруға тікелей әсер етуде. Биыл 44 шақырым жолды орташа жөндеуден өткізуге 840 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Орташа жөндеу жұмыстары Еңбек, Қиялы, Тоқушы және Ленинское ауылдарының ішкі жолдарында жүргізілді.
СНХ: ЖАНАР ҚҰСАЙЫН, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Ауданда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы табысты жүзеге асырылып келеді. Әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бизнестің айқын мысалы – Дайындық ауылында салынған жаңа заманауи спорт кешені. Нысанның құрылысына серіктестік қаражатынан 160 миллион теңге жұмсалды. Сонымен қатар, 300 орындық Мәдениет үйі салынып, оның жалпы құны 120 миллион теңгені құрады.