Петропавлда медицина қызметкерлеріне арналған кешкі курстар өтіп жатыр. Қазір бұл оқуға 160 адам қатысуда. Сабақтар Ж. Тлеулин атындағы жоғары медициналық колледждің базасында ұйымдастырылған. Бағдарламаға қатысу үшін жас шектеуі қойылмаған

Мұғалімдердің айтуынша, мұндағы есік баршаға ашық. Кешкі бөлімде жастар да, жасы үлкендер де білім алуда. Көпшілігі – түрлі себептермен оқуын кейінге шегерген, бірақ армандарынан бас тартпай, ақыры өз мақсаттарына жетуге бел буған жандар. Әрқайсысының өз оқиғасы бар, бірі – мамандығын өзгерткісі келеді, енді бірі – қоғамға пайдасын тигізуді қалайды.

СНХР: МАЙГҮЛ ЖҮСІПОВА, КУРСҚА ҚАТЫСУШЫ


Педагогтардың айтуынша, мұндай топтарда ерекше атмосфера қалыптасқан, өзара құрмет, қолдау және білімге деген шынайы ынта сезіледі. Себебі бұл студенттер үшін әр сабақ - жаңа өмірге, жаңа мүмкіндіктерге бастар жол.

СНХР: ГҮЛНАР ЖАУДИНОВА, Ж. ТЛЕУЛИН АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДІҢ АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ


Кешкі курстар 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Тыңдаушылар екі мамандық бойынша қабылданады: емдеу ісі және мейіргер ісі. Мысалы, қазір студенттер симуляциялық орталықта сабақ өтуде. Мұнда олар алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренеді.


Мұндай формат студенттерге оқу мен жұмысты қатар алып жүруге мүмкіндік береді.