Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті. Петропавлда өткен кездесуде ол энергетика саласында атқарылып жатқан шаралар, жылыту маусымының өту барысы және энергетикалық инфрақұрылым нысандарын жаңғырту жайында баяндады. Алдағы бес жыл ішінде өңірде 7 мың шақырым электр желісін жаңарту және 66 шақырым жылу жүйесін қайта салу көзделіп отыр.
Солтүстік Қазақстан облысында биыл 400 шақырымнан астам электр желісі жөнделіп, 43 қосалқы станса мен трансформатор жаңартылды. Жылумен қамту саласында төрт жоба іске асырылып жатыр. Сонымен қатар 7 шақырымнан астам жылу желісі қайта жаңартылып, күрделі жөндеуден өтті. Вице-министр өңірдің газдандыру мәселесіне де тоқталды. Қазір екі нұсқа қарастырылып жатыр. Соның бірі – облысқа жеке газ құбырын тарту жобасы.
СНХР: СҰҢҒАТ ЕСІМХАНОВ – ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ
Кездесу барысында тұрғындар инфрақұрылымды жаңарту, жылыту маусымының өтуі және жанар-жағармаймен қамту мәселелеріне қатысты сұрақтар қойды. Тұрғындар көтерген негізгі мәселенің бірі – сұйытылған газ тапшылығы болды.
Бізге қосымша сатып алуға тура келді, бұл әлдеқайда қымбат, әрине. Дегенмен, біз элеваторларды үздіксіз қамтамасыз етуге тырысып жатырмыз. Мысалы, қазан айында бізге 576 тонна бөлінді, ал сатылған өнім көлемі 1300 тоннадан асты.
Жалпы алғанда, елімізде сұйытылған газдың тапшылығы байқалып отыр. // Халыққа арналған, яғни квотамен бөлінетін сұйытылған газды сіздер белгіленген тәртіппен сатуларыңыз керек. Ал өзге бағыттарға ол коммерциялық бағамен сатылады, себебі оның өзіндік құны жоғары. Жалпы мәліметті мен қазір айтып өтемін, ал егжей-тегжейлі ақпаратты кейінірек те беремін. Қазір біз газ өңдеу зауыттарын салу жұмыстарын бастадық.
Сұңғат Есімханов барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Тұрғындардан түскен барлық ұсыныстар мен өтініштер министрлік пен тиісті ұйымдардың қарауына алынды.