Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі алаңында ((СЛАЙД)) иудаизм ұйымының өкілдерімен кездесті. Президент ашкеназ және сефард раввинаттарының көшбасшылары дінаралық диалогқа белсенді атсалыса беретініне сенім білдірді. ((10)) Одан соң Мемлекет басшысы Иерусалим Патриархы III Феофилмен жүздесті. Православ діні Қазақстанның рухани өмірінде маңызды орын алатынын атап өтіп, оның қоғамдық миссиясының құндылығына назар аударды