Жерлесіміз, «Алаш» қозғалысының көрнекті қайраткері, дәрігер, ағартушы, аудармашы Жұмағали Тілеулиннің туғанына 135 жыл. Осыған орай облыстық кітапханада «Жұмағали Тілеулин – «Алаш-Орда» қайраткері» атты еске алу кеші өтті. Жиынға жергілікті зиялы қауым өкілдері мен студенттер қатысты.

Жұмағали Тілеулин 1890 жылы Айыртау ауданы, Шұқыркөл ауылында дүниеге келген. Зерттеушілердің дерегінше, жерлесіміз Абылай ханның жасағын бастаған бәсентиін руынан шыққан Айтбай батырдың ұрпағы. Ол 1913 жылы Омбы әскери-медицина училищесін бітірген. Кейін Петропавл уезіндегі ауруханада фельдшер қызметін атқарған.


СНХ:ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, ЖАЗУШЫ, ЖУРНАЛИСТ


Жұмағали Тілеулин ағартушылық бағытында да еңбек етті. Ол көз аурулары мен жұқпалы дерттер туралы туындыларды жарыққа шығарды. Сондай-ақ, біртуар тұлға өңір тарихында алғаш рет мектеп және басқа да мекемелер үшін қазақстандық мамандар даярлау курсын ұйымдастырды.

СНХ:ЗЫЛИҚА БИМАҚАНОВА. М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ


Жиын барысында студенттер Алаш қайраткерінің өнегелі өмірімен, ұлт болашағы жолындағы еңбегімен танысты. Кеш жас ұрпаққа тарихтан тағылым беріп, ел үшін еткен еңбектің мәнін ұғындырды.