Дін басшылары гуманистік көзқарастарды ту еткен бейбітшілік елшілері. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сегізінші съезінде Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Себебі, сын-қатерлер көбейіп, халықаралық ахуал ушығып тұрған уақытта діни дипломатияны дұрыс пайдалану маңызды болмақ. Сонымен қатар Президент әлем күрделі экологиялық қауіп-қатермен бетпе-бет келіп отырғанын айтты. Әсіресе Орталық Азия аймағында салдары ерекше сезілмек. Сондықтан климат өзгерістеріне қарсы күрестегі дін көшбасшыларының рөлі туралы бірлескен құжат әзірлеуді ұсынды. 

СНХ:ШЕРХАН ЖАМБЫЛҰЛЫ ТІЛШІ 

Әртүрлі сенім, әралауан көзқарас, алайда ниет бір. Әлемдегі тыныштыққа үлес қосу. Бас қалада бас қосқан дінбасылар жер жүзіндегі қақтығыстарды тоқтатуға шақырып отыр.

СНХ:АНАК ДЖУТ ДАНАЛД - МАЛАЙЗИЯ ШІРКЕУЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ 


СНХ:АЗИЗ ХАСАНОВИЧ - ХОРВАТИЯ ИСЛАМ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ 


Әлем алмағайып. Ахуал теңіздей тербеліп, текетірестер тоқтар емес. Президент халықаралық жағдай ушығып тұр деді. Осы ретте келісімге шақырған жиынның мән-маңызы артып келеді.

СНХ:ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ


Президент сөзінше соңғы жылдары әлемде өте жағымсыз үрдістер белең алды. Кейбір саясаткерлер мен сарапшылар бұған «өркениеттер дағдарысы» деп айдар таққан. Әсіреұлтшылдық пен жалған патриотизм де белең алып бара жатыр. Бұған біздің елімізде жол жоқ деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

СНХ:ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ 


Әлемде мәдениеттер арасындағы қарама-қайшылық күшейіп, сауда және санкция текетірестері бәсеңдемей тұр. Гибридті соғыстар өршіп барады. Салдары қисапсыз адам шығыны мен толассыз босқындар нөпірі. Қуатты қару қауіп төндіріп тұр дейді Президент.

СНХ:ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ АУДАРМА


Осы ретте діни дипломатияның әлеуетін пайдалану маңызды. Өркениеттер арасындағы сенімді нығайтуда дінбасыларына зор үміт артылады дейді Президент.