Петропавлда қыркүйектің 20-ы мен 21-і су болмайды. Себебі «Қызылжар су» ЖШС сумен жабдықтау желісін дезинфекциялау және жуып-шаю жұмыстарын жүргізеді. Су тарату жұмыстары 20-ы күні түнгі 12-де тоқтатылып, 21-і күні кешкі 10-да су беріледі. Жалпы су құбырлары жыл сайын тазартуды қажет етеді. Мамандардың айтуынша, су берілгеннен кейін де оны бірден пайдаланбаған дұрыс.