Қысқа отын қорын дайындап қою - жылыту маусымының сәтті өтуінің басты шарты. Қазіргі таңда облыс орталығында көмір төрт теміржол тұйығында сатылады. Петропавлдағы көмір сату орындарының біріндегі жағдаймен тілшіміз танысып қайтты.

Қазіргі таңда облыс орталығында қара отын төрт теміржол тұйығында сатылады. Солардың бірі - Жұмысшы кентінде орналасқан тұйық. Мұнда тұрғындар ең көп сұранысқа ие шұбаркөл көмірін сатып ала алады.


СНХ:МҰРАТХАН ТҰРМҰХАМБЕТОВ, МЕНЕДЖЕР


Көмір - жеке сектор тұрғындары үшін өзекті мәселе. Петропавл қаласында 15 мыңға жуық осындай үй бар. Оларды қыс мезгілінде толықтай жылыту үшін шамамен 70 мың тонна көмір қажет. Бұл көрсеткіш отынмен уақытылы қамтамасыз етудің қаншалықты маңызды екенін айқын көрсетеді.

СНХ:ТИМУР ЖҰМАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ


Көмірдің бағасы әртүрлі. Қаражыра көмірінің бір тоннасы - 21 мың теңге. Майкүбі көмірі -17 мың теңге, ал Екібастұздікі - 16 мың теңге көлемінде.