Қазақстанда интернет-алаяқтарға қарсы күрес күшейтілді. 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізілді. Ол «дропперлік» – қылмыстық жолмен табылған қаражатты заңсыз айналымға шығаруға көмектескені үшін жауапкершілікті көздейді. Енді мұндай әрекет үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Кеше Петропавлда халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған ауқымды рейд өтті. «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткен шараға 120-дан астам адам – полицейлер, прокурорлар және қоғам өкілдері қатысты.
СНХР:ӘЙГЕРІМ ӘШКЕН – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПБ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БӨЛІМІНІҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ
15 топ қала көшелерінде, базарларда және сауда орталықтарында тұрғындарды алаяқтық тәсілдері туралы ескертті. Рейд қатысушылары қарапайым әрі түсінікті брошюралармен қаруланды. Зейнеткерлерге ерекше назар аударылды, өйткені көбіне дәл осы санаттағы азаматтар қылмыскерлердің құрбанына айналады.
СНХР:ОРАЗГЕЛДІ МҰСАФАР – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
Негізгі кеңестер өзгеріссіз қалады, яғни қаржылық операция жасау кезінде ешқандай жағдайда асықпаңыз. Бейтаныс адамдардың қоңырауларын кім болып таныстырса да, әрдайым қайта тексеріңіз. Күмәнді жағдайларда бірден банк call-орталығына немесе 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз. Бұл шара – «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асырудың айқын үлгісі. Игі бастама бір күнмен шектелмейді: әр қатысушыға өз жақындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Осылайша цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған «тізбекті реакция» қалыптасады.