Полицейлер Солтүстік Қазақстан облысында жолдағы адам өлімінің негізгі себептерін атады. Өңірде қазір «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы жатыр. Оның аясында жол апаттары жиі болатын аумақтар ерекше назарға алынып, талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

8 ай ішінде өңір жолдарында 28 адам қаза тапты. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін полицейлер 15-30 қыркүйек аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде.

СНХ:САБЫРЖАН ОСПАНОВ — СҚО ПД ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Алғашқы күннің өзінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 249 дерегі тіркелді. Оның ішінде ең көп таралғаны — қауіпсіздік белдігін тақпау, 48 жағдай. Сондай-ақ 12 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген, 8-і маневр жасау ережелерін бұзған. Жол-көлік оқиғаларын талдау көрсеткендей, бұл — жолдағы адам өлімінің негізгі себептерінің бірі. Биыл маневр жасау ережелерін бұзу салдарынан 11 адам көз жұмды.


Республикалық маңызы бар тасжолдарға ерекше назар аударылып отыр. Өлімге әкелген апаттардың жартысынан астамы — осы жолдарда, онда 17 адам қаза болған. Полицейлер жаяу жүргіншілерге де жеке үн қатты. Қаңтардан бері облыста тіркелген 362 жол апатының 103-і — жаяу жүргіншілерді қағып кету деректері. Соның салдарынан 6 адам қаза тауып, 100 адам жарақат алды.

СНХР:САБЫРЖАН ОСПАНОВ — СҚО ПД ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 


Жол қозғалысының қауіпсіздігі — баршаның ортақ міндеті, дейді полицейлер. Тек жауапкершілікпен қарау, Заң мен Тәртіпке құрмет көрсету ғана өмірді және денсаулықты сақтауға мүмкіндік береді.