Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Үкіметке экономиканы жаңғырту мақсатында жасанды интеллектті барлық салаға енгізуді тапсырды. Осы орайда, Ғ. Мүсірепов ауданындағы «Ақселеу» ЖШС директоры Серік Малаев өз шаруашылығына цифрлық технологияны енгізгендердің бірі. Кәсіпкер, соның арқасында өнім көлемі де жыл сайын артып келе жатқанын жеткізді.
«Ақселеу» серіктестігінің жер аумағы - 15 500 гектар. Қазіргі таңда егіннің 40%-ы жиналған. Дәнді және бұршақ дақылдарының шығымдылығы әр гектардан 20 центнерді құрайды. Серіктестік басшысы Серік Малаев егер күн райы жақсы болса алдағы 20 күнде егінді орып бітеміз дейді. Айтуынша, қазіргі таңда барлық жұмыстар белсенді және жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр.
СНХ:СЕРІК МАЛАЕВ, «АҚСЕЛЕУ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ