Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы цифрландыру мен жасанды интеллектке арналды. Ол жасанды интеллект экономиканы, логистиканы, білім беруді және геологияны қоса алғанда, барлық салаға енгізілуі тиіс екенін атап өтті.
Ең алдымен мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллекттің негізгі қағидаларын үйрететін арнайы бағдарлама мен оқу құралдары дайындалады. Сонымен бірге ұстаздардың да жаңа технологияларды меңгеруіне жағдай жасалмақ. Қашықтан оқыту мен жасанды интеллектке сүйенген жаңа жоба – Qazaq Digital Mektebi атты шағын жинақты мектептің үлгісі құрылады. Бұл цифрлық платформа ауылдағы балаларға да сапалы білім алуға мүмкіндік беріп, қала мен ауыл арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайтуға көмектеседі.
СНХ:ЛӘЗЗАТ ЖОЛМҰҚАНОВА, №17 ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕКТЕП-КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ