Петропавл әуежайында бокстан әлем чемпионы атанған Наталья Богданованы салтанатты түрде қарсы алды. Спортшы Ливерпульде өткен әлем біріншілігінде алтын медаль жеңіп алды.
Наталья Богданова бокстан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен соң елге оралды. Турнирдің финалында ол австралиялық спортшы Лекиша Перголитимен қолғап түйістіріп, жеңіске жетті. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
Спортшы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалдық жекпе-жектің алғашқы секундтарынан бастап бастаманы өз қолына алып, соңына дейін басымдықты сақтап қалды. Бұл жеңіс – көп жылғы еңбектің, үздіксіз дайындықтың және бапкермен тығыз жұмыстың жемісі.
СНХ:НАТАЛЬЯ БОГДАНОВА – БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Чемпионды жарысқа бапкер Дастан Кабденов дайындады. Оның жетекшілігімен Наталья әлемдік бокс шыңына жетті. Қазір спортшының жоспары – Азия чемпионаты, Олимпиада және 2027 жылғы әлем біріншілігі.
СНХ:ДАСТАН ҚАБДЕНОВ – Н.БОГДАНОВАНЫҢ БАПКЕРІ
Солтүстікқазақстандық бокс мектебі еліміздегі ең мықтылардың қатарында екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Наталья Богданова осы өңірден шыққан белгілі чемпиондар – Камиль Сафин, Жанат Жакиянов пен Дариға Шәкімованың жолын жалғастырып келеді.