«Строй Элит Дом» компаниясына биыл – 6 жыл толып отыр. Осыған орай компания қала тұрғындары үшін ауқымды open air фестивалін ұйымдастырды. Кештің хедлайнері қазақ эстардасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас. 3500-ге жуық шақырту билеті тегін таратылып, концертке келген жұртшылық ерекше көңіл-күйде тарқасты.

«Строй Элит Дом» компаниясы Қазақстан бойынша Петропавл мен Қостанайда жұмыс істейді. 6 жыл ішінде Қостанайда 7-ге жуық нысан пайдалануға берілсе, Петропавлда алғашқы жоба – «Есіл Сити» тұрғын үй кешені іске қосылды. Бұл — қаладағы алғашқы бизнес-класс деңгейіндегі тұрғын үй.

СНХР: БОЛАТЖАН МҰЗДЫБАЕВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ


Сондай-ақ, мерекелік кеш аясында «Есіл Сити» тұрғындары арасында 3 миллион және екі 1 миллион теңге көлемінде сертификаттар ойнатылды. Тіпті, пәтер брондау басталған сәттен бастап автокөлік ұтысына қатысу мүмкіндігі де берілген болатын.

«Есіл Сити» компаниясы пәтерлерінің биіктігі 3 метр, жайлы холлдар, демалыс аймақтары, пандустар тұрғындар үшін барлық жағдайлар жасалған. Петропалда бұрын соңды болмаған жаңа форматтағы тұрғын үй жобасы. Компанияның басты мақсаты тұрғындардың өмір сапасын жаңа деңгейге көтеру.

Ашық аспан астындағы кешке— еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін келді. Open air форматындағы мерекелік іс-шараның басты қонағы қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас болды.

OPEN AIR фестивалі қала тұрғындарына ерекше көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.


Мерекелік кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Компания тұрғындардың жайлылығы мен көңіл күйін әркез бірінші орынға қояды. Қаламызда осындай көлемді іс-шараның өткізілуі — құрылыс саласындағы серпінді дамудың белгісі. «Строй Элит Дом» — тек тұрғын үй емес, жаңа өмір салтын қалыптастыратын брендке айналуда.