Петропавлда «Этностар ойындары» атты спартакиада өтті, оған Қазақстан Халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінен жастар қатысты. Қатысушылар ұлттық ойындарда сынға түсіп, түрлі тапсырмаларды орындады.
Іс-шараның мақсаты — достықты нығайту, этностар арасындағы келісімді дамыту және Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау. Кіріспе бөлімінде қатысушылар қоғамдық өмір мен этностар арасындағы өзара әрекеттестікке байланысты негізгі тақырыптар бойынша спикерлердің баяндамаларын тыңдады. Одан кейін әртүрлі этностардың дәстүрлі ұлттық ойындары бойынша жарыстар басталды.
СНХР: БОЛАТ БАЗАРБАЕВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қатысушылар қазақтың ұлттық ойындары — «Арқан тарту», сондай-ақ, орыс, поляк және татар ұлттық ойындарында да өздерін сынап көрді.
СНХР: ДАРИҒА СМАЙЫЛОВА, «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ СҚОФ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Спартакиада соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.