Қазақстандағы ең көне ботаникалық бақ Петропавлда орналасқан. Мұнда пальма, лимон, агава сынды жүздеген экзотикалық өсімдіктер өсіріледі. Биыл бақта ерекше жаңалық – банан ағашы алғаш рет жеміс берді.

Мұнда сирек кездесетін өсімдіктер, гүлдер мен түрлі ағаштар жайқалып тұр. Әсіресе келушілердің назарын аудартқан – банан ағашы. Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры, агроном Равиль Рязаповтың бастамасымен Үндістаннан әкелінген бұл өсімдік – ботаникалық бақ қызметкерлері еңбегінің жемісі. Мұнда тек банан емес, мыңдаған тропикалық өсімдіктер өседі.

СНХР: АРТУР РЯЗАПОВ, БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Биіктігі жағынан банан өсімдігі бамбукпен бәсекелесе алады, бірақ ол өмірінде бір-ақ рет жеміс береді. Жалпы, ботаникалық бақтағы өсімдіктердің басым бөлігі ерте көктемде гүлдесе, күзде гүл ашатын түрлері де бар.

СНХР: АРТУР РЯЗАПОВ, БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Бір ғасырдан астам тарихы бар ботаникалық бақта бүгінде екі мыңға жуық шөптесін және ағаш-бұталы өсімдік түрі бар.