Петропавл қаласындағы облыстық кітапханада көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Борис Петровтың шығармашылығына арналған еске алу кеші өтті. Оның қаламынан туған туындыларда Отан соғысының ауыр жылдары айшықты көрініс тапқан. Іс-шараға Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшелері, сондай-ақ жазушының туыстары қатысты.

Борис Петров — үш бірдей соғысқа қатысып, өз көзімен көрген оқиғаларды көркем тілмен жеткізе білген қаламгер. Ол — лейтенанттық прозаның Қазақстандағы негізін қалаушылардың бірі.

СНХ: КИРИЛЛ ФИЛОНОВ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ


Жазушы Борис Петровтың айналасында өз дәуірінің ірі тұлғалары — Сәбит Мұқанов, Иван Шухов пен Ғабит Мүсірепов сынды көрнекті қаламгерлер болған. Бұл — оның шығармашылық ортасының ауқымын айғақтайды. Бүгінде кітапханада қаламгердің құнды еңбектері сақталған. Оқырман назарына арнайы кітап көрмесі де ұсынылған. Ал жазушының қызы Валентина Петрова әкесін ерекше сезіммен еске алды.

СНХ: ВАЛЕНТИНА ПЕТРОВА, БОРИС ПЕТРОВТЫҢ ҚЫЗЫ


Борис Петровтың жеке өмірлік тәжірибесіне негізделген шығармалары әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған. Осындай жылы жүздесулерді өткізу кітапхана дәстүріне айналған. Мұнда туған жерден шыққан қаламгерлерге арналған әдеби кештер тұрақты түрде ұйымдастырылады.