Өңірімізде жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев сапар аясында М. Жұмабаев ауданында да болды. Онда Ерлан Нұрәліұлы жаңа орман өрт сөндіру станциясының құрылысы барысымен танысып, сондай-ақ орман питомнигінің жай-күйін көрді.
Булаев қаласында өрт сөндіру станциясының құрылысы табиғи өрттердің алдын алу және жою жөніндегі кешенді шаралар шеңберінде жүргізілуде. Нысан заманауи бақылау құралдарымен жабдықталатын болады – яғни мұнда көру аумағы 360 градусты құрайтын төрт бақылау камерасы орнатылмақ. Олар 15 шақырымға дейінгі радиуста түтін мен өрт шығу ошақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев,- облыстағы орманды алқаптарда орын алған өрттерді дер кезінде анықтау үшін осындай заманауи жүйені енгізу жұмыстарын 2027 жылға дейін толығымен аяқтау қажет,-деді.
Сондай-ақ Министр, мұндай инфрақұрылымды дамыту орман алқаптарын қызыл жалыннан қорғау үшін өте маңызды екендігін де тілге тиек етті. Аталмыш аудандағы орман өрт сөндіру станциясының құрылысы осы жылдың сәуір айында басталған болатын. Жоба құны-214 миллион теңге құрайды.
СНХР: ВИКТОР ДРОНОВ, "СЕВЕРНОЕ СТРОИТЕЛЬСТВО" ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Орман өрт сөндіру қосыны іске қосылғанда мұнда кезекшілікке бір мезетте жеке құрамның 6 адамы жұмылдырылатын болады. Сонымен қатар нысан екі өрт сөндіру көлігі, бір трактормен жабдықталмақ.