Облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қаладағы ірі кәсіпорындардың бірінің жұмысымен танысты. Ол «РАДУГА» ЖШС болып, зауыттың бірнеше цехтерін аралады. Серіктестік қызметкерлері министрге атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндап, жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, жиналғандар «Зеленый север» ЖШС мен қазір құрылысы жүріп жатқан саңырауқұлақ зауытына да барды.

"Радуга" ЖШС — 1993 жылы құрылған ірі сауда-өндірістік компания. Бүгінде кәсіпорында еліміз бойынша 1700-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Қазақстанның 10 қаласында бөлімшелері бар. Жиналғандар ең бірінші болып кәсіпорының металды-пластикалық өнімдер шығаратын зауытты көрді. Айта кетейік, зауыттың өнімдері өте сапалы әрі төзімді.

Келесі нысан – жууға арналған өнімдер шығаратын цех болды. Кәсіпорын айына 100-ден астам тонна қатты сабын және дәл сондай сұйық сабын өндіруге қуатты.

Ал, «Зеленый Север» ЖШС кешені – күніне 20-25 тонна өнім алады. Жылыжай кешенінде өсірілетін қияр халық арасында сұранысқа ие. Жалпы өнім жергілікті нарықта сатылады. Сондай-ақ, Көкшетау мен Астана қалаларына жеткізіледі.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «РАДУГА» серіктестігінің қағаз өнімдерін шығаратын цех те болды. Қағаз фабрикасы 2022 жылы іске қосылған. Жылына 5 мың тонна өнім өндіреді.

СНХ: ДӘУРЕН ҚАТРАНОВ, «РАДУГА» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Қазір облыс орталығында саңырауқұлақ фабрикасының құрылысы жүріп жатыр.Зауыт айына 200 тонна өнім шығаруды жоспарлап отыр.

Саңырауқұлақ өнімдері тек өңірде ғана емес, сонымен қатар көрші аймақтар мен Астана қаласына да жеткізіледі.